Диалог алаңының кезекті отырысы

536

0

Өңірімізде «Жастар Рухы» жастар қанатының іске қосқан «BIR TOLQYNDA» диалог алаңының кезекті отырысы өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті жолдауы талқыланды.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясы «ТҰРАН» филиалының атқарушы хатшысы Е.Назаров жастарды сапалы білім алуға, аянбай еңбек етіп, адал табыс табатын, мемлекет дамуына үлес қоса алатын азаматтар қатарында болуға шақырды.

Диалог алаңында жастар ұйымдарының жетекшілері, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттері қатысып, пікір алмасты.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Президент Жолдауында жастарды қолдау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жастардың жұмыспен қамтылып, кәсіп ашамын дейтіндер үшін тиімді жылдық өсімі 2,5% несие беріледі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жас жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүргізілетін болады, – деді облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Т.Тілес.

Кездесу модераторы болған «Жастар рухы» облыстық филиалының кеңесшісі А.Какарманова партияның жастар қанатының бастамасымен іске қосылған республикалық «Өрлеу» жобасының жастар үшін маңыздылығына тоқталып өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<