Димаш Құдайберген түсірген әлемдегі ең қымбат бейнебаянның тизері шықты

961

0

Димаш Құдайбергеннің The Story of One Sky әніне түсірілген бейнебаянның тизері жарияланды деп хабарлады turkystan.kz әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Әншінің өзі жазғандай, оның 12 минуттық жұмысы ғаламшардағы адамдардың бірлігіне арналған.

«Біз нәсілге, ұлтқа және дінге бөліндік. Бірақ бәріміз бір планетаның баласымыз және бір аспан астында өмір сүреміз. Өмір – ең қымбат құндылық. Бірде-бір қасиетті кітап адамдарды құртуға шақырмайды. Біз дос болуды үйренуіміз керек. Планетамыздың, адамдардың болашағы біздің қолымызда. Әлемде бейбітшілік болсын», – деп жазды әнші.

Бұған дейін әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа туындысына қыруар қаржы жұмсалғаны туралы жазған болатынбыз. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<