Дұрыс тамақтанбау соқырлыққа алып келеді

217

0

Annals of Internal Medicine журналында Ұлыбританияның Бристоль университеті мамандары жүргізген ерекше зерттеу нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Time басылымы. 

Мақала авторының айтуынша, қуырылған картоп, чипсы, ақ нан мен шұжық қана тұтынған жасөспірім соқыр болып қалған.

«14 жасында бұл бала дәрігерлерге жиі шаршап, әлсіздік сезінетінін айтып шағымданған. Оған B12 дәрумені жетіспейтіні анықталып, басқа еш проблема табылмаған. Сол себепті балаға тек B12 дәруменінің инъекциясы мен диетолог маманға қаралу ұсынылған», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, бір жылдан кейін баланың бойында B12 дәрумені сол күйінде қалған және көзінің көруі нашарлай бастаған. Мамандар баланың соқырлығына оның тұтынған диетасы әсер етті деген қорытындыға келді», – деп жазады басылым.

Автор мақалада кедейлік кең тараған жерлерде дұрыс тамақтанбау кесірінен пайда болған соқырлық жағдайлары жиі кездесетінін айтқан. Ал дұрыс тамақтанбау кесірінен пайда болған соқырлық балалар арасында өте сирек кездеседі.

«Көздің көруі нашарлай бастағанда оны қалпына келтіруге болады. Бірақ аталмыш жағдайда бала бірнеше жыл бойы дұрыс тамақтанбаған», – дейді мамандар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<