ЕҢ БАСТЫСЫ – ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ

438

0

Жер бетінде өмір сүріп жатқан әлем халқы үшін ең бастысы – ел тыныштығы. Болашақ ұрпағының бейбіт өмір сүріп, бақытты күн кешуі. Бұл орайда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың елімізде ұстанып отырған бейбітшілік пен келісім саясаты көптеген елдерге үлгі десек болады.     

Көктемнің алғашқы күнінде аталып өтетін “Алғыс айту күні” мерекесінің түп-төркіні тереңде жатыр. Бұл – бір заманда тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдеріне қонақжай құшағын ашып, ыстық пейілін танытқан қазақ халқына деген риясыз алғыс сезімін білдіретін күн. Сол бір қиын-қыстау заманда біздердің басымызға түскен ауыртпалықты бірге көтерісіп, емін-еркін өмір сүруімізге ерекше қолдау танытты. Қазақ халқының осынау кең пейіл қасиеті бүгінде еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым – қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Қазақ жұртының бауырмал­ды­ғы мен кеңдігінің арқасында біз­дің әзербайжан халқы да өсіп-өніп, тұрақты тұрмыс-салтын қа­лыптастырған. Олар Қа­зақ­­с­тан­ды өз Отаны санайды. Біз осы­нау ұлы достықты ны­­ғай­та білуіміз керек. Ел ертеңі жо­лындағы еңселі істерді атқару­да бір мақсатқа жұмы­лып, бір мүд­денің басынан табылға­нымыз жөн. Отанымыздағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптасты­руда этносаралық өзара түсініс­тік­ті дамытудың маңызы зор. Осы тұрғыдан айтқанда, бір тудың ас­тында берекелі өмір сүріп жатқан қайырымы мол  қазақ жұртына шексіз алғысымды білдіремін.

Злиха НУРИЕВА,

әзербайжан ұлтының өкілі, 

Жалағаш ауданы, Аққыр 

ауылының тұрғыны.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<