«Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС Бас директорының орынбасары ауысты

519

0

Бұл лауазымға белгілі журналист, 2018 жылы бас басылымда бас редактордың орынбасары қызметін атқарған Қамбар Ахметов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қамбар Жұмағалиұлы 1978 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алып, еңбек жолын «Орталық Қазақстан» газетінде 2004 жылы тілші болып бастаған. Әр жылдары аймақтық «Балқантау», республикалық «Айқын» газеттерінде, Baq.kz ақпарат агенттігінің, «Қазақстан» республикалық телерадиокомпаниясының интернет жобалар бөлімінің бас редакторы болды.

2015 жылдың қыркүйек айынан «Нұр Отан» партиясына қарасты «Электрондық партия» медиаредакциясы интернет-ресурсының басшысы, 2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі, 2018 жылы «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 2019 жылдың қаңтар айында Қарағанды облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің Бас редакторы лауазымына тағайындалды. Ал, 2020 жылдан осы уақытқа дейін құрамына «Ortalyq Qazaqstan», «Индустриальная Караганда» газеттері, қостілді Life09 ақпараттық порталы, талдау және сараптау орталығы енген «Saryarqa aqparat» медиахолдингіне басшылық етті.

Газет ұжымымен жиын өткізген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі серіктестіктің дамуына қосқан үлесі мен қажырлы еңбегі үшін Жандос Бәделұлына алғыс айтып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<