Екі өңірде күн қатты ысиды – Қазгидромет

489

0

Фото: Pexels

«Қазгидромет» РМК-сы шілденің 10-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауып дауыл тұрады, солтүстік-батыста, шығыста, елдің оңтүстік-шығыс тауларында қатты жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, республиканың солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады. Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, қиыр шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<