Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі түрлі деңгейдегі әлемдік жарыстарда топ жарған Сыр спортшыларын тәрбиелеген киелі орда. Бұл мектеп интернат колледжі 2001 жылы құрылып, осы уақытқа дейін спортшыларды тәрбиелеуде нәтижелі жұмыс істеп келеді, деп хабарлады Syrboyi.kz.
Қазіргі таңда аталмыш білім ұйымында олимпиадалық спорттың 9 түрінен 246 спортшы жаттығады. Атап айтқанда, ауыр атлетикадан – 32, байдарка және каноэде есуден – 5, бокстан – 48, велоспорттан – 12, грек-рим күресінен – 39, дзюдодан – 36, еркін күрестен – 31, таеквондодан – 28, гандболдан – 15 спортшы қамтылған. Аталған спорт түрлері бойынша 25 жаттықтырушы-оқытушы жоғары білікті спортшыларды дайындауда. Бұдан бөлек, мектеп интернат колледжінде 150 орындық жатақхана қамтылған.
Киелі білім ордасының мақтаныш түлектері жетерлік. Мәселен, 2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы олимпиада ойындарында еркін күрестен Дәулет Ниязбеков, Алмас Өтешов пен ауыр атлетика спортшысы Александар Зайчиков ел мерейін асқақтатып, облыстың атын бүкіл әлемге паш етті. 2010 жылы Гуанд-Жоу (Қытай) қаласында өткен жазғы «Азия ойындарында» ауыр атлетикадан Шәутеев Дәурен және дзюдодан Өлментаева Ғалия ІІІ орынға ие болды. 2016 жылы Рио – де – Жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында Александар Зайчиков қола жүлдегер атанса, еркін күрестен Өсербаев Ғалымжан V орынға ие болды.
Ересектер арасында әлем чемпионатына қатысушылар: Рахатов Қуаныш қазақтан шыққан тұңғыш ауыр атлетші әлем чемпионатына қатысушы, Зайчиков Александр (ауыр атлетика) І орын, Өтешов Алмас (ауыр атлетика) ІІ орын, Ниязбеков Даулет (еркін күрес) ІІІ орын жеңіп алды.
2014 жылы Қытайдың Нанкинг қаласында ІІ жазғы жасөспірімдер олимпиада ойындарында дзюдодан Жауынтаев Бауыржан жеңімпаз атанып, дзюдодан тұңғыш қазақ жасөспірімдер арасында әлем және олимпиада чемпионы атанды.
2024 жылы Париж қаласында ХХХІІІ жазғы олимпиада ойындарында мектептің 1 түлегі дзюдодан Шархан Нұрлыхан қатысты.
2005-2025 жылдың аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Зайчиков Александр ІІ орын, Рахатов Қуаныш ІІІ орын, Алдабергенов Айбол ІІІ орын, Балхаев Әділбек ІІІ орын, Жұбатқанов Ғалымбек ІІІ орын (ауыр атлетика), Шамшадин Мағжан І орын, Жауынтаев Бауыржан І орын (дзюдо), Мырзабек Ақерке ІІІ орын дзюдодан тұңғыш қазақ қызы жүлдегер атанған, Масенов Нұрлан (бокс) ІІІ орын, Бекболат Рахат (ауыр атлетика) І орын, Сапи Есенкелді (ауыр атлетика) І орын, Сансызбаева Айсамал(ауыр атлетика) І орын, Байзақ Орлбек (дзюдо) ІІІ орын, Сабыр Нұрдос (ауыр атлетик) І орын.
2005-2025 жылдың аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Рахатов Қуаныш – І орын, Алдабергенов Жеңіс – І орын, Өтешов Алмас – І орын, Зайчиков Александр – І орын, Рахатов Нұрсұлтан – І орын, Балхаев Әділбек – І орын, Жұбатқанов Ғалымбек – І орын, Жақанша Арыстанбек – І орын, Алдабергенов Айбол – ІІ орын, Әмірбек Аят – ІІ орын, Жоламанов Ерболат – ІІІ орын (ауыр атлетика), Жауынтаев Бауыржан – І орын, Шамшадин Мағжан – І орын, Мырзабек Ақерке – І орын, Мұстаяпова Гүлбану – ІІ орын, Өксікбаев Шыңғыс – ІІ орын, Жүсіпбекова Салтанат – ІІ орын, Үсенбекұлы Руслан – ІІ орын, Мұрат Гүлдана – ІІ орын (дзюдо), Ниязбеков Даулет – ІІ орын, Жүсіпов Марғұлан – ІІ орын, Өмірбеков Нұржан – ІІІ орын, Тұрмағамбет Азиза – ІІІ орын (еркін күрес), Дүйсенбаев Еркін – І орын, Жеңісбеков Асхат – ІІІ орын (бокс), Тағаев Ұлан – ІІ орын, Мансурова Бану – ІІ орын (таеквондо) және Әзілханов Нұрбақыт (грек-рим күресі) – ІІІ орын, Жылқыбай Құндық (дзюдо) – ІІ орын, Аманқосов Нұрдәулет (дзюдо) – ІІІ орын, Бекболат Рахат (ауыр атлетика) – І орын, Сапи Есенкелді (ауыр атлетика) – І орын, Сансызбаева Айсамал (ауыр атлетика) – І орын, Қожасова Сәуле (дзюдо) – ІІІ орын, Тоғман Айым (таеквондо) – ІІІ орын, Бектас Азамат (бокс) – ІІ орын, Елдібайұлы Аслан (бокс) – ІІ орын, Әлімхан Торғын (таеквондо) – ІІ орын, Толыбай Зарина (бокс)- ІІ орын, Сұлтанбек Дильназ (байдарка) – ІІ орын, Уракбаева Сайра (байдарка) – ІІІ орын, Аманкелді Қуаныш (грек-рим күресі) – ІІІ орын.
2004-2025 жыл жасөспірімдер арасында «Азия балалар» ойындарында халықаралық жарыста Мұратқызы Нұрай – І орын, Ералиев Ербол – ІІІ орын (таеквондо), Күнтілеу Нұржан – ІІІ орын, Жауынтаев Бауыржан – ІІІ орын, Шархан Нұрлыхан – ІІІ орын (дзюдо), Дүйсенбаев Еркін – ІІІ орын, Бибосынов Тастемір – ІІІ орын (бокс), Мұсабеков Қанат – ІІІ орын (еркін күрес). Қожасова Сәуле (дзюдо) – І орын, Жолдасбек Мағажан (дзюдо) – ІІІ орын
2018 жылдың қазан айында Аргентина елінің Буэнос-Айрес қаласында өткен ІІІ жазғы жасөспірімдер олимпиада ойындарында байдарка және каноэде есуден Бахрадин Диас жеңімпаз атанды.
Аталмыш мектеп спортшылары 2024 жылы Әлем чемпионаттарынан 2 алтын, 1 күміс медальді ел қоржынына салса, Азия чемпионаттарынан 1 күміс,
1 қола медаль еншіледі. Бұдан бөлек, Азия балалар ойындарынан 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Ал ҚР чемпионаттарынан аймақ қоржынына 22 алтын, 28 күміс, 33 қола барлығы 83 медаль салды.
Айта кетейік, жоғарыда аталған олимпиадалық спорт түрлері бойынша балалар 13 жастан бастап емтихан тапсыру арқылы қабылданады. Жеке сұрақтарыңыз бойынша мектеп-интернат-колледжі директорының орынбасары Қанат
Көбегенов 8702-458-40-11 номеріне хабарласуларыңызға болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<