ЕЛБАСЫ АМАНАТЫ ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРЕДІ

198

0

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ендеше мемлекет болашағы біз секілді жалынды жастардың қолында деген сөз. Мұны кез келген қазақстандық терең түйсіне білуі қажет. Биыл Елбасы жастар жылын жариялап, өскелең ұрпақ бойындағы отансүйгіштік қасиетті оятуында астарлы ой жатыр.
Біріншіден, Президент біздің елге деген маxаббатымыздың артып, құрметіміздің еселей түскенін көргісі келеді. Өйткені, әрбір қазақ баласы үшін Қазақстаннан басқа қастерлі Отан жоқ.
Екіншіден, Елбасы елдік мүддені меңзейді. Әлемнің қай түкпірінде жүрсек те, қазақылықтан арылмай, ұрпақтар сабақтастығын жалғау әрі мемлекеттік ұстанымдарды бұлжытпай орындау – азаматтық парыз екенін ұғындырады.
Осылардың өзі жастардың ортақ мақсат-мүддені ұстанып, игі істерге жұмылуына жол сілтейді. Сондықтан мен де ұрпақ тәрбиесіне тікелей жауапты білім саласының қызметкері ретінде алдағы бағыт-бағдарымды айқындап алдым. Жастар жылында атқарылатын іс көп.
Назарбаев зияткерлік мектептері шәкірт тәрбиелеу жұмысын жандандырып, Елбасы қойған міндеттерді мүлтіксіз орындай береді. Оның үстіне, жаңа жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік жасалып отыр. Мәселен, Президент тапсырмасы бойынша жас ғалымдардың фундаменталды және қолданбалы зерттеуіне бөлінетін гранттық қаржыландыру жыл сайын 3 млрд теңгеге артатын болса, талантты талай замандасым өз ісін ілгерілетіп, мемлекеттің дамуын да жеделдетеді.
Бағдат Абилов, 
Қызылорда қаласындағы Назарбаев 
Зияткерлік мектебінің 
педогог-ұйымдастырушы кураторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<