Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі

341

0

Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлады Polisia.kz.

Жоба аясында жаңа туған сәбилерге ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) бірден беріледі.

Бұрын балаға ЖСН ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш бергеннен кейін ғана берілетін.

Бұрынғы жүйеге сәйкес АХАТ органы алдымен баланың тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, ата-анасының өтініші негізінде туу туралы актілік жазбаны тіркейтін. Содан кейін ішкі істер органдарымен балаға ЖСН жасалып, кейін ата-анасына туу туралы куәлік берілетін.

Енді АХАТ бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды, соның негізінде ЖСН-ы қалыптасады.

Бұл арқылы баланың ата-анасының жеке өтінішінсіз, проактивті форматта (көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша) бірқатар мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетіледі:

  • Бала тууға байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу;
  • Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу;
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<