Есірткі айналымын анықтауға техникалық мүмкіндік тапшы

222

0

Соңғы екі жылда өңірде 54 гектар жерге есірткі егілген. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, оны сататын орындарды (притон) анықтау көрсеткіші керісінше төмендеген.

Жастар арасында есірткі айналымы, дәрі-дәрмектердің ұрлануы көп жағдайда анықталмайды.

«Жедел іс-шаралар жүргізу үшін облыстық полиция департаментінің техникалық мүмкіндігі талапқа сай емес. Соның салдарынан құқық қорғау және арнаулы органдар тарапынан есірткі тасымалдау каналдары, ішкі нарық пен республиканың басқа аумақтарын есірткімен қамтамасыз ететін ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметтерін әшкерелеу мүмкін болмай отыр», – делінген хабарламада.

Жалпы, Қызылордада дайындалған марихуананың сапасы өте жоғары болғандықтан Еуропа елдерінде, халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие көрінеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<