Гарнизондық жиын өтті

306

0

Полиция имиджін арттыру, жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін ұстану мақсатында Жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында жалпы гарнизондық қызметке тарату жүргізілді. 

Оған департаменттің қызмет салалары және ҚР ІІМ ҰҰ №5547 әскери бөлімінің сарбаздары мен жеке күзет мекемелері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Шара барысында кадр жұмыстары басқармасы қызметкерлері жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталу барысы туралы тарқатып айтып, жеке құрамды марапаттау жөніндегі бұйрықтармен таныстырды. Сонымен қатар шарада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Жасұлан Үксікбаев марапатталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<