Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

620

0

Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде профессор, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Мұстафа Матаевтың 90 жылдығына арналған «Трансформация кезеңіндегі Қазақстандық қоғамның дамуының гуманитарлық аспектілері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік (офлайн-онлайн форматта) конференциясы өтті.

Жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, Мұстафа Матайұлының ұрпақтары, шәкірттері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары, сонымен қатар, Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Бәкішева Ирина Жұмабайқызы мен Департамент қызметкерлері қатысты. Жиында білім беру жүйесін дамыту, аймақтық жастар саясаты, қазақ философиясы, қазақ зиялыларының ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлі туралы баяндамалар жасалды.

Мұстафа Матаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде бірнеше жыл «Құқықтану», кейіннен «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасында қызмет атқарған.

Бүгінде көрнекті ғалымның мыңдаған шәкірттері құқық қорғау органдарында, әділет органдарында әр түрлі деңгейде қызмет атқаруда.

Жиын барысында әріптестері Мұстафа Матайұлының ерен еңбегін, тынымсыз тірлігін, нысанаға дөп түсетін тапқырлығын еске алды. Жақсы ұстаздың алғаусыз ниетін, елдің болашағы үшін атқарған еңбегін тани түстік. «Тек өмірдің әр сәті тағылымға, өнегеге, тәлімге толы екенін естен шығармаңыз» деп өзі айтқандай ұстаздың бағасын берген шәкірттері еді.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<