Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясын басқарғысы келетінін мәлімдеді

581

0

Фото: ашық дереккөз

Зілтемірші Илья Ильин 25 қаңтарда Мәдениет және спорт министрлігі алқасында Ауыр атлетика федерациясындағы мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Белгілі спортшы Илья Ильин ауыр атлетика федерациясында екі жылдан бері спорт менеджері болып жұмыс істейтінін айтты. Бұл ретте ол ондағы мәселелердің бар екеніне тоқталды.

«Ауыр атлетика федерациясының жұмысына алаңдап отырмын. Бір жылдан бері біз түсініксіз күйде болдық, ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай жатырмыз. Осыдан бір жарым жыл бұрын мен менеджер болып кіргенімде жаттықтырушылармен сөйлестім, үлкен мәселелер болды. Жігіт асылып өлген оқиға болды … Бізге психологтар керек, біз команда жинауға міндеттіміз дедім, өйткені қиындықтар бар», – деді Илья Ильин.

Бірақ, оның айтуынша, проблемалық мәселелер бойынша ортақ пікірді пысықтау мүмкін болмады, нәтижесінде олар екіге, содан кейін үшке бөлінді.

«Бізге облыстарды аралап, жеті сағат бойы жаттықтырушылармен сөйлесіп, спортымыз көміліп қалмас үшін түсіндіруге тура келді. Бұл еліміздегі ең көп медаль алған спорт түрлерінің бірі, оны сақтап қалуымыз керек.Кеше жаттықтырушылар телефон соғып: «Илья, бірдеңе істеу керек» деді. Олар команда болып жұмыс істеуді, ашықтық пен нәтиже беруді, үлкен мәселелерді шешуді ұсынады. Бірақ бізде проблемалар бар, медальдар алып келеді, содан кейін бірден допинг дауы басталады», – деді ол.

Ол осы Федерацияны басқаруға дайын екенін мәлімдеді.

«Мен дайынмын, мен жетілдім, командаммен федерацияны өз қолыма алуға дайынмын.Иә, менде миллиондар жоқ, мен бай адам емеспін, бірақ мен бәрін білемін. Осы спорттың қыр-сырларын білем. Қолдау көрсетіңіз, мақсат қойыңыз, Олимпиада чемпионын таңдайық», – деді Илья Ильин.

Бұған жауап ретінде Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Асхат Оралов «ол жерде жүйелі мәселелер барын» мойындап, спортшыға «бөлек кездесуді» ұсынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<