Иіркөлде мешіт ашылды

421

0

Қармақшыдағы Иіркөл ауылдық округінде мешіт ашылды.
Мешіттің салтанатты ашылу рәсімінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев құттықтау сөз сөйледі.
Елімізге белгілі теолог, исламтанушы, «Сарыағаш-медресе» колледжінің директоры Абдіғаппар Сманов мешіттің ашылуына арнайы қатысып, ақсақалдармен бірге лентасын қиды.
Мешіт жамағатымен ауылдастардың күш біріктіруімен «Алла үйі» ойдағыша аяқталып, жамағатқа есігін айқара ашып отыр. Ғибадат үйіне Оспан молда есімі берілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<