
«29 тамызда Қостанай облысы Рудный қалалық сотында жарамсыз қаруды ұрыс қаруына айналдыруға арналған мини-цех жасаған Д. Басакин мен А. Стенинге ұрыс қаруы мен жарылыс заттарын заңсыз сатқандары үшін үкім шығарылды», – дейді ҰҚК-де. © ҚР ҰҚК Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 287 және 291-баптары бойынша айыпты деп танылып, әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта фигуранттардың бірі іздестіріліп жатыр.