Шиелі шырайын ашқан кент

765

0

Шиелі ауданының орталығы бұрынғыдан әлдеқайда ажарлана, абаттана түскен. Тазалық пен жасампаздықты ту еткен Шиелі жуырда ғана «Ең үздік аудан» атанып үлгерді. Жыл сайын көркіне көрік қосып, ажары артып, гүлдене түсуде. Биыл кентте абаттандыру мақсатында көшелердегі тал ағаштарының бұтақтарын кесу, Шиелі кенті, Салтанат сарайы, Рухани жаңғыру, Құрметті азаматтар аллеясын абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілген. М.Молдыстамов, Ағыбай батыр (тақ жағы) көшелеріне балалар ойын алаңын және шағын спорт алаңы салынған.

Сонымен қатар Шиелі кенті, ГРЭ-23, М.Қаратаев және А.Иманов көшелерінің бойынан демеушілер есебінен балалар ойын алаңдары мен шағын спорт алаңдары салынуда. М.Қаратаев, Есабыз және Б.Тоқбаулин көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жалғасып жатыр. И.Әбдікәрімов көшесі мен Самара-Шымкент тас жолы бойында орналасқан «Қош келдіңіздер» аркаларын ағымдағы жөндеуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, жеңімпаз «ShymStroyGroup» ЖШС-мен тиісті жұмыстар атқарылмақ. Кентті көркейту үшін А.Яссауи көшесінің бойына аялдама орнатып, Бұдабай мен М.Шоқай қиылысы, Ә.Смайлов және Д.Смайылов көшелері бойына жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында жаяу жүргіншілерге арналған көпір орнатылмақ.

– Тағзым аллеясы, Рәміздер, Салтанат сарайы, Шиелі төлқұжаты, А.Яссауи көшесі, Шиелі кентіндегі аллеяларына заманауи үлгіде жарық шамдарын орнату жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, жеңімпаз «Жұлдыз» жеке кәсіпкерімен келісім шарт жасалды. Сонымен қатар Шиелі кенті, Ы.Жақаев, А.Байтұрсынов көшелері бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру мәселесі шешімін табатын болады. Ол үшін «АК-ЮГ ҚҰРЫЛЫС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кенттегі аспалы көпір айналасын абаттандыру жұмыстары да әлгінде айтқан серіктестікпен келісім шарт іске асырылуда. Кенттің 70 проценті толық көше шамдарымен қамтамасыз етілген. Бүгінде шамның түр-түрі шығып, соған сәйкес ұсыныстар көбейді. Қала берді тұрғындар тарапынан жарық жүргізілмеген көшелер кезең-кезеңімен жарықтандырылатын болады. Сапалы шамдардың қолдану мерзімі ұзақ әрі жарық беру көрсеткіші жоғары және бес жылға дейін жарамдылығына кепілдік беріледі, – дейді кент әкімі Амангелді Өмірәлі.

Қазіргі таңда Ковтунов, Ы.Жақаев аралығы және Береке м/а көшелерінің автомобиль жолдарына тас төсеу және жай жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жетісу, Бөлтекейұлы, Бурабай, Бурабай-Жетісу аралығы, Боранов, Боранов-Самара-Шымкент тас жолы аралығы, Бөгенбай батыр және Арай мөлтек ауданы атауы жоқ көшесіне тас төселуде. Желтоқсан, әл-Фараби тұйығы, П.Жүсіпқызы, Ә.Қоңыратбаев, Панфилов, С.Кәрімбаев, Ғ.Мүсірепов, Р.Нұркеева көшелері, ­Абылай хан тұйығы мен М.Жұмабаев, Оспанов, ГРП-23 №12, Қарабұзау көшелеріне, Қарабұзау тұйығы, Байсын, Есенбайұлы көшелеріне, Алтынсарин-Асан Ата қиылысы және ­Сейтенов тұйығы, М.Зекеев, Шәкәрім көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

– Шиелі кентіндегі теріскей бет аумағына өтетін темір жол өткелі автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар И.Әбдікәрімов, Р.Бөлебай, Ә.Шорабаев, Р.Бөлебай, Ә.Шорабаев аралығы көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына да қажетті қаражат қаралды. Барлығы кезең-кезеңімен жөндеуден өтетін болады. Оған қоса Тәуелсіздік көшесі бойындағы спорт кешеніне кіре беріс жолды орташа жөндеу жұмыстарын да назардан тыс қалдырған жоқпыз. Бастысы жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасауға тырысамыз, – деді кент әкімі А.Өмірәлі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<