Көлік қозғалысын заңсыз реттеген азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды

235

0

  Қызылордада бағдаршам уақытша істемей қалған сәтте көше қиылысында көлік қозғалысын заңсыз реттеумен айналысқан азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға Қызылорда қаласындағы Жібек жолы мен Сұлтан Бейбарыс көшелері қиылысында орын алған. Бағдаршамның істемей қалу жағдайы болған. Сол сәтте бір азамат көше қиылысындағы көлік қозғалысын заңсыз реттеумен айналысқан.

Бұл оқиға бойынша Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

«Көше қиылысына жаяу жүргіншіге шығуға тыйым салынады. Өйткені, ол өзінің қауіпсіздігімен қатар көлік құралдарының көше қиылысынан өтуіне қауіп туғызады. Аталмыш оқиға бойынша бағдаршамның жұмыс істемеу туралы хабарлама тіркелген уақытта патрульді полиция бекеті жіберілді. Уақтылы аталған көше қиылысына реттеуші қойылды. Бағдаршамның жұмыс істемеуі және көше бойынша кептеліс болған кезде тиісті орындарға хабарласуы тиіс», – деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктемесінде.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<