Көлік тонаған 40-қа жуық топ ұсталды

168

0

Алматы қаласында автокөліктерді тонаумен айналысқан 40-қа жуық топ құрықталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  
 Қалалық криминалдық  полиция басқармасының мәліметінше, топтардың құрамына 85 адам кірген. 
«Қараусыз қалдырылып, қорғау жабдықтары жоқ көлік құралдарында ұрлық көп жасалған. Мысалы, мұндай эпизодтардың бірі таяуда қаладағы Әуезов ауданының «Жетісу» шағынауданында орын алды. Түнгі уақытта К. есімді азамат Toyota Camry маркалы автокөліктің шынысын сындырып, ішінен бейнетіркеуішті ұрлап алады. Алайда, ұрлаған затын алып, алысқа кете алмады: ер адамды жол-патрульдік полиция қызметі ұстады. Аталған фактімен ҚР ҚК 188-бабымен (өзгенің мүлкін ұрлау) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша соталдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, ер адамның осыған ұқсас басқа эпизодтарға қатысы тексерілуде», – деп хабарлады криминалдық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов. Полицияда өткен жылы қарақшылық тонаумен айналысқан 49 топ, тонаушылық жасаған 124 топ, пәтер ұрлықтарын жасаған 27 топ, көлік ұрлықтарымен айналысқан 39 топ, қоғамдық жерлерде жеке заттарды ұрлаған 55 топ және көліктерді ұрлап, айдап әкетумен айналысқан 16 топтың қызметі тоқтатылғаны туралы мәлім етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<