Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

572

0

Фото ашықдереккөзден

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті. Бұл туралы әнші Индира Елемес Instagram-парақшасында жазды, – деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.

«Арман ағау. Неге олай? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын!» – деп жазды әнші Индира Елемес Желіде.

Композитор Арман Дүйсенов 48 жасында өмірден өтті. Айта кетейік, Арман Дүйсенов 1974 жылы Орал қаласында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер, тележүргізуші, бірнеше танымал әннің авторы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<