Күмәнді деп танылған 69 сілтеме бұғатталды

325

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Дін мәселелері бойынша қарсы насихаттық материалдарды интернет кеңістігінде орналастыру бағытында қала және аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан бөлек, дін мәселелерін зерттеу орталығында 13 парақша жұмыс істейді.

Жыл басынан бері баспа құралдары мен интернет кеңістігінде қарсы насихаттық бағытта 2 787 материал жарияланды. Жалпы, діни сауаттылықты арттыру мақсатындағы атқарылған жұмыстарды Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков баяндады.

– Өзіндік бірегей қарсы насихат контенттерін әзірлеу, жастарды рухани-танымдық бағытта ақпараттандыру мақсатында дін мәселелерін зерттеу орталығынан 2023 жылғы наурыз айында «Onai» подкаст жобасы, қазан айында «Shyraq» каналында «БАҒА LIKE» бағдарламасы және «Кезекті сұқбат» рубрикасы іске қосылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесімен күмәнді деп танылған 102 сілтеме дінтану сараптамасына жолданып, 50 сілтемеге «теріс» қорытынды берілді. «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне күмәнді 381 сілтеме енгізіліп, 69-ы бұғатталды. «Контр» қарсы насихаттық порталына 163 материал салынып, 135-і мақұлданды, – деді Дінмұхамед Жандарбекұлы.

Айта кету керек, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен әлеуметтік желілерде 952 материал жарияланды. Сондай-ақ, діни кітаптарға тұрақты түрде мониторингжұмыстары жүргізіліп тұрады.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<