Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Сейтов, сондай-ақ «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысы Н.Әбілдаев бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының егіс алқаптарын аралап, егін жинау жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында «Агро Өркен» ЖШС, «Ақмаржан» ШҚ, «ӨТЕ» ШҚ, «РЗА Агро» ЖШС және «Береке» ШҚ-ның егіс егістік алқабында болып, күріш жинау науқанының ұйымдастырылуымен танысты.
Сонымен қатар, шаруашылықтардың техникалық қамтылуы, жұмыс күшінің жеткіліктілігі мен өнімділік деңгейіне назар аударды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары жауапты науқанды жоғарғы деңгейде өткізу үшін қажетті шаралар қабылданғанын айтты.
Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев шаруашылықтарда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, науқанды белгіленген мерзімде, шығынсыз әрі сапалы аяқтау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, техниканың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, күрішті уақтылы жинап алу, өнімді сақтауға жіберу мәселелерін бақылауда ұстау керектігін жеткізді.
Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі





