Лингвистикалық олимпиада: сырбойылық зияткердің жүлдесі

362

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрислам Дамирұлы республикалық лингвистикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі 3-орынды иеленді.

Еліміздің 8-11-сынып оқушыларын жинаған ұлттық зияткерлік сайыста қатысушылар қолданбалы филология бағытында білімдерін сынады. Әртүрлі лингвистикалық тапсырмаларды орындай отырып, тіл саласындағы өзекті мәселелер бойынша өз тұжырымдарын жасады.

Қызылордадағы зияткерлік мектептің намысын қорғаған Нұрислам Дамирұлы қарсыластарынан оза шауып, қоладан медаль тақты:

– Бұл олимпиада лингвистикалық білімнен гөрі логика мен сыни ойлауды қажет етеді. Мен үшін тапсырмалар қызықты болды. Тіл саласындағы білім көкжиегімді кеңейте түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<