Магистратураға түсіріп беремін деп, алдаған облыс тұрғыны ұсталды

442

0

Қызылордалық полицейлер «білім ордаларының бірінің магистратурасына түсіріп беремін»,-деп алдап кеткен азаматшаны ұстады. Қызылорда облысы Шиелі ауданы полиция бөліміне жергілікті екі тұрғын арызданған. Күдікті азаматша 1 жыл бұрын жәбірленушілердің сеніміне кіріп, жоғарғы оқу орнына түсіріп беремін деп бірінен 600 мың, екіншісінен 800 мың теңге ақшаларын алдап алып кеткен.

Құрылған жедел-тергеу тобымен тұрғындарды алдап кеткен күдікті азаматшаны анықтап, ұстады. Тергеу барысында оның жәбірленушілерден алған қаражаттарын өз пайдасына аратып жібергені белгілі болды.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<