Мал ұрлығын кәсіп еткендер ұсталды

216

0

 Тасбөгет полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлықтарына қатысты күдік келтірген Қызылорда қаласының үш тұрғыны құрықталды.
Күдіктілер Қызылорда қаласының төңірегінде мал ұрлығын кәсіпке айналдырған.
Өздерінің заңсыз әрекеттерімен олар 6 азаматқа жалпы 3 560 000 (үш миллион бес жүз алпыс мың) теңгеге мүліктік залал келтірген.
Барлық деректер бойынша Қызылорда қалалық полиция Басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылып, оларға қатысты соттың санкциясымен «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сонымен қатар, тергеу органымен олардың облыс аумағында орын алған осындай тектес қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<