Марапаттау рәсімі кезінде «Оскар» сыйлығын ұрлап кетті

385

0

 Марапаттау рәсімі кезінде «Оскар» сыйлығын ұрлап кетті Актриса Фрэнсис Макдормандтың «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» фильміндегі басты рөлі үшін алған «Оскар» сыйлығын ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап. 
«Оскар» сыйлықтарын марапаттау рәсімінде бұл жолы да шу шықты. Актриса Фрэнсис Макдормандтың «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» (Three Billboards Outside Ebbing, Missouri) фильміндегі басты рөлі үшін алған «Оскар» сыйлығынан айырылып қала жаздады. Оның наградасын Терри Брайант есімді біреу ұрлап, кино жұлдыздарының арасына жасырынған. Кештен ешкімге білдірмей сытылып шыққан ол «Үздік әйелдер рөлі үшін» наградасымен мақтанған видеосын «Фейсбукте» жариялады.
 Актрисаның шағымынан кейін полиция ұрыны ұстап, мүсіншені заңды иесіне қайтарды. Америка кино академиясының 90-шы «Оскар» сыйлықтарын табыстау салтанаты жексенбі күні Лос-Анджелес қаласында өтті.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<