Мәдениет пен ғылымдағы маңызды оқиға

303

0

Қорқыт жырлары әлемдік өркениеттің бастауында тұрған өте құнды туынды. Қорқыт жырларының ғылым нысанында зерттеле бастағанына 200 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде Қорқыт жырларын әлемнің барлық елдерінің ғалымдары түгелге жуық зерттеген. Француз, неміс, түрік, орыс тағы басқа елдердің ғалымдары Қорқыт жырларының әртүрлі мәселелері төңірегінде өздерінің ғылыми еңбектерін жарыққа шығарған. Қазақ ғалымдары да қорқыттану ғылымымен XIX ғасырдан бастап айналыса бастаған. Оның басында Ш.Уәлиханов тұр. Одан кейін Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев сияқты ғалымдар қазақ ғылымында арнайы қорқыттануды, Қорқыт жырларын жан-жақты зерттеген.

Қорқыт мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енуі Қазақстан мемлекетінің мәдениеті мен  ғылымындағы аса маңызды оқиға болды деп санаймын. Қорқыт мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енуіне Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың еңбегі зор.

Облыс әкімінің басшылығымен мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың ғалымдары, мәдениет министрлігінің өкілдері бірлесіп 4 жылдан астам уақыт осы мәселемен айналысты. Бүгін Қорқыт ата мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енуі, әсіресе, қызылордалықтар үшін өте қуанышты жағдай. Біз енді өркениеттің ерекше құнды туындысы  Қорқыт мұраларын өзіміз иеленіп, оны бүкіл әлемнің танып отырғандығына мақтаныш сезіміне бөленеміз.

Бағдат КӘРІБОЗҰЛЫ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор,  Қорқыт ата атындағы ҚМУ жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институының директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<