Медицина қызметкерлері құрметке бөленді

823

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өткізіліп, өңіріміздің бірқатар дәрігері құрмет төрінен көрінді.

Мерейлі мерекеге аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысып, абзал жандарды мерекемен құттықтады.

– Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Әлемде қанша мамандық болса да, адам жанының арашасы болған ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы орны ерекше. Бұл мереке Сіздердің ерен еңбектеріңіздің ел алдында бағаланатын күні деп есептеуге болады. Сіздердің қалтқысыз қызметтеріңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай жандардың тағдыры тұр. Ақ халатты абзал жандардың ақ пейіліне дақ түсірмей, адамзат өмірінің арашасы болып, Гипократ антынан айнымай, жаны ауырып жабырқаған жанға жәрдемдесуде парыз санайтын пейілдеріңізге ризашылығымды білдіремін. Сіздер қашанда құрмет төріне лайықсыздар, – деді аудан басшысы.

Аудан медицинасының дамуына сүбелі үлес қосып, салада табысты еңбек еткен бірқатар дәрігерлер мен сала ардагерлеріне облыс және аудан әкімінің мараппаттары табысталды.

Мерекелік іс-шарада дәрігерлер әріптестеріне деген жүрекжарды тілегін әнмен жеткізді.

Арал ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<