Мектеп оқушылары жаңа әлеуметтік желіні құрастырды

194

0

 Әлеуметтік желіні 12 және 14 жастағы апалы-сіңлілі қыздар әзірлеген.

Алиля мен Әлия Нарықбаевалар интернет-платформаны  Жастар жылы форумында Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырды.

24.kz арнасына сұхбат берген қыздар Generation Next деп аталатын портал туралы айтты.

Бұл портал – әлеуметтік желінің жаңартылған түрі. Дәлірек айтқанда, сайтта бірнеше интернет-ресурс біріктірілген. Мұнда интернет пайдаланушылары бір-бірімен танысып, әңгімелесіп қана қоймай, сан түрлі тақырыпта жаңалықтар оқып, психологтың ақыл-кеңесіне жүгіне алады, -дейді олар.

Next Generation жобасының жетекшісі Гүлнәр Арыстанованың айтуынша, авторлар жобаны екі ай әзірлеген.

Алдағы екі апта ішінде оны тестілеуден өткіземіз. Тек содан кейін порталдың сілтемесін бөлісуді жоспарлап отырмыз, – дейді Гүлнәр Арыстанова.

Апалы-сіңлілі оқушыларлың бастамасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңілінен шықты. Президент жобаның сәтті іске асуы үшін Үкіметке осы істі ерекше бақылауға алуды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<