Мектептер электронды форматқа көшті

283

0

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мәлімдеді.

Барлық мектептер 100 пайыз кең жолақты интернет желісіне қосылып, «Электронды күнделік» жүйесіне енгізілген. Өткен оқу жылынан бастап қағаз журналдар толтыру толық жойылып, электронды форматтағы нұсқаға көшірілді. Осы мақсатта барлық мектептерге 280 дана планшет сатып алынды.

«8 мектепке «Робототехника» кабинеттерін, модификациялы физика, химия, биология кабинеттерін жабдықтауға, 3Д кабинетін, цифрлық лаборатория, Таң ауылындағы №118 мектепке Жаңақоныс елді мекенінен оқушыларды тасымалдау үшін Газель автокөлігін сатып алуға жергілікті бюджеттен барлығы 143,0 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды»,- деді Қайратбек Әубәкірұлы.

Облыстық білім басқармасы арқылы өткен жылдың желтоқсан айында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудан мектептері 769 дана компьютерлермен жабдықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<