Менеджмент бойынша өткен семинар-тренинг

291

0

Фото: облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен аралығында қонақ үй, мейрамхана менеджерлеріне және гид-эксукурсоводтарға арналған 2 күндік семинар–тренинг өтті.

Семинардың негізгі мақсаты − ішкі және келу туризмін дамыту, қонақ үй және мейрамхана кешендерінің қызмет сапасын одан әрі жандардыру, сондай-ақ, туристік қызметті кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Семинар-тренингті Еуразиялық туризм қауымдастығының өкілдері Жексембі Жанар Мұсағалиқызы мен Төлегенова Орынбасар Шайдаулетқызы, сондай-ақ, қонақ үй басқаруындағы халықаралық бизнес магистрі, аға-оқытушы Ли Виола мен Қызылорда облысындағы Қорқыт Ата атындағы университетінің Туризм пәнінің оқытушысы Рза Бекзат Шәкіратқызының жүргізулерімен өткізілді.

Тренинг барысында қатысушыларға 2 күндік біліктілігін арттыру курсын аяқтағандығы жөніндегі сертификат табысталды.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<