Мүмкіндіктер керуені өтті

455

0

Кеше жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде мейлінше мол ақпарат беру үшін және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында қалалық мәдени және демалыс паркінде «Мүмкіндіктер керуені» өтті.

Шарада бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен тұрақты жұмысқа 15 азамат жолданды. Жастар тәжірибесі бағдарламасы аясында 10 жас маманға, ал «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен 2 маманға, жалпы 27 азаматқа жұмыс орындарына жолдама берілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша сала мамандары кеңестерін берді.

Айта кету керек, аталған шара 12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында «Qosyl Qyzylorda» жастар орталығы мен Қызылорда жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<