Мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

429

0

Көрнекі фото: ekaraganda.kz

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ондағы деректерге қарағанда, 3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен.

Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады», делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<