Облыс тұрғындарының назарына

187

0

     Биылғы жылдың қаңтар айының 20-күні кешкі 20 сағат 00 минут шамасында белгісіз жүргізуші белгісіз автокөлігімен Қызылорда қаласы, Шевченко көшесі №102 үйдің тұсында көшенің бойында екі азаматты қағып, салдарынан бір адам қайтыс болып, автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

    Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша білген, көрген, естіген куәлар болса, Қызылорда ОПД-нің 29-70-10, 29-70-60, 29-50-46 байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз. Хабарламашы туралы мәліметтер жарияланбайтындығына кепіл береміз.

         Сондай-ақ, Қызылорда ОПД-і Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 53 бабына сәйкес, кінәлі тұлғаның айыбын мойындап келуі қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып табылатындығын    хабарлайды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<