Партия алаңында медицинаға қатысты мәселелер қаралды

526

0

Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің биылғы жылға үшінші отырысы өтті.

Жиында аудандық ауруханаларды қазіргі заманғы компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен, перзентханаларды қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыру шаралары қаралып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шайымбетов Жангелді Мырзакелдіұлы хабарлама жасап, кеңес мүшелері тарапынан қойылған МРТ аппараты мен медицина қызметкерлерінің айлық жалақысының төлемдеріне байланысты сұрақтарға жауаптар берді.

Отырыс соңында кеңес мүшелері қаралған мәселеге қатысты өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<