Премьер-Министр: Ай сайын 2 млн адам вакциналансын

458

0

Қазақстанда вакцинациялау кестесін нақты түрде сақтау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцинациялау графигі нақты сақталсын және сәуір айында, сондай-ақ мамыр мен маусым айларында, жоспар бойынша ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етілсін. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді А. Мамин.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, халық үшін вакцианциялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізуді жалғастыруы керек.

«Қоғам тек санитарлық нормарларды сақтау және вакцинациялау ғана пандемияның таралуын тоқтатып, экономиканың өсуін қамтамасыз ете алатынын түсінуі керек», – деді Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Асқар Мамин өңірлерде санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтауды күшейту керектігін тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<