«Үлкен дулыға» – «Ролан Гаррос» турнирінің екінші маусымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева кем дегенде 380 000 еуро табыс тапты, – деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. Ширек финалға шыққан спортшыға тап осындай жүлде қарастырылған. Бұл теңгеге шаққанда 147 миллионнан астам қаржыны құрайды. Бүгін Путинцева 1/8 финалдық матчта чех Барбора Стрыцованы жеңді.