«Қайсар» өз алаңында есе жіберді

5

0

Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында жергілікті «Қайсар» мен семейлік «Елімай» командасы өзара кездесті. Тартысқа толы өткен матчта қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу басталысымен-ақ семейлік футболшылар өзде­рінің фаворит екендігін бай­қатып, шабуылға ден қойды. Нәтижесінде ойынның төртінші минутында Роман Мұртазаев қорғаныс қателігін тиімді пай­даланып, есеп ашты.

Алайда қызылордалықтар тез арада ес жия білді. Матчтың 11-минутында алаң иелерінің шабуылы сәтті аяқталып, Ни­кола Цуцкич баспен гол соғып, таразы басын теңестірді. Осы­дан кейін ойын біраз уақыт тең дәрежеде өрбіді.

Екінші таймда қонақтар тағы да шабуыл қарқынын кү­шейтті. Матчтың шешуші сәт­терінің бірінде «Елімайдың» шабуылшысы Меме Плакка Фессу жылдамдығын тиімді пай­даланып, қарсылас қор­ғау­шы­ларынан сытылып кетіп, командасын қайтадан ал­ға шы­ғарды. Көп ұзамай се­мей­ліктер пенальтиден де мер­гендік та­нытты. Айбар Жақ­сылықов 11 метрлік айып добын дәл орын­дап, есеп айырмасын екі голға жеткізді.

Қызылордалықтар матч со­ңына дейін күрескенімен, тек қосымша уақыттың 94-мину­тында ғана қарымта қайтара алды. Нигериялық шабуылшы Имо Эзекиль қарсылас қақпа­сынан саңылау тауып, есепті қысқартты. Қалған уақытта алаң иелеріне таразы басын те­ңестіруге мүмкіндік жетпеді. Осылайша, тартысты өткен кездесуде «Қайсар» өз алаңында «Елімайға» 2:3 есебімен жол берді.

Матчты тамашалауға облыс әкімі Мұ­рат Ергешбаев арнайы келіп, жергілікті командаға қол­дау білдірді.

12-тур қорытындысы бо­йын­­ша «Қайсар» Қазақстан Пре­­мьер-лигасының тур­нир­­лік кестесінде 10 ұпаймен 12-орында қалып отыр. Алда қы­­зыл­­ордалық ұжым 14 мау­сым күні ақтаулық «Кас­пий­­мен» ойнайды. Кездесу «Қайсар Аре­нада» өтеді. Сыр жанкү­йерлері бұл матчта командадан жеңісті ойын күтіп, турнирлік жағдайын жақсартатын маңыз­ды үш ұпайға сенім артып отыр.

Бағлан АМАНЖОЛ,

«Сыр бойы»