Қайтып бара жатқан өрт сөндірушілер (видео)

544

0

Қостанай облысының тұрғыны Әулиекөл ауданындағы алапат өртті сөндіріп, үйіне қайтып бара жатқан құтқарушыларға алғысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғынның айтуынша, қызыл жалынмен күреске жұмылдырылған өрт сөндірушлер жұмысын аяқтап, астанаға қарай жолға шыққан.

«Жаңа мына жерден 10-ға жуық үлкен өрт сөндіру көлігі өтті. Мынау – Бағаналы жақтан астанаға баратын жол. Осы жолмен сирена қосқан 10 шақты көлік кетті. Олардың кетіп бара жатқанын көргенде, қуанғанымнан жылап жібере жаздадым. Міне, Тимофеев жақтағы бұрылыстан тағы екі өрт сөндіру көлігі келе жатыр. Жолдарың болсын, аман-есен үйлеріңе жетіңдер! Алла баршаңызға бақытты ғұмыр нәсіп етсін. Бұлар да жап-жас біреудің баласы, біреудің ағасы. Бізге көмектескендеріңіз үшін ризамыз, ұзақ ғұмыр тілейміз», – деп жылы лебізін білдірді Қостанай облысының тұрғыны.

Еске салайық, Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіруге ТЖМ, ІІМ, ҰҰ және Қорғаныс министрлігінің 224 техникасы, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы мен 2193 адам жұмылдырылған болатын.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қостанай облысына басқа өңірден келген өрт сөндірушілер бүгінде үйіне қайтып жатыр.

Қоса кетсек, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Қостанай облысындағы қызыл жалынмен күрестен кейін үрлемелі қапта ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің суреті жарияланған еді.

Ол жолы желі қолданушылары бұл жарияланымды қызу қолдап, құтқарушыларға ізгі тілектерін жазған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<