«Қарасора-2022»: 4 айда 9,2 тонна есірткі тәркіленді

457

0

«Қарасора-2022» республикалық есірткіге қарсы арнайы операцияның аясында 9,2 тонна есірткі тәркіленіп, 85 мың тоннадан астам жабайы қарақсораның көзі жойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігінң онлайн брифингісінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек осындай мәлімет келтірді.

«Қарасора-2022» респулбликалық есірткіге қарсы арнайы операция басталған 4 айдың ішінде сақшылар 1075 есірткі қылмысын анықтады. Оның ішінде 547 есірткі сату қылмысы, 137 есірткі сақтау қылмысы және құрамында есірткі бар өсімдік егудің 244 жағдайы әшкереленді.

Мысалы, Павлодарда Telegram-дүкен арқылы синтетикалық есірткі сатып келген 7 адамдық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды», – деді ол.

Айтуынша, биыл бұл науқанға Қорғаныс министрлігі де қол ұшын созған.

«Арнайы операция кезінде 9,2 тонна есірткі тәркіленді. Оның ішінде 2 тонна марихуана, 169 келі гашиш, 37 келі синтетикалық есірткі, 720 грамм героин және 58 мың түптен астам есірткі құрамды өсімдік бар.

85 мың тоннадан астам жабайы қарақсораның көзі жойылды. Биыл арнайы операцияға тұңғыш рет Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшатын аппараттары қолданылып жатыр. Солардың көмегімен аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 6 жағдайы анықталып, 600 келіден астам марихуана тәркіленді, 10 қылмыскер ұсталды», – деді Шұғыла Тұрлыбек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<