Қызылорда облысының аумағында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің жолын кесу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында Қызылорда облысы Полиция департаменті «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырып, жүргізушілермен тікелей кездесулер өткізді. Акция барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заң талаптарын түсіндіру және азаматтардың сұрақтарына жауап беру жұмыстары жүргізілді.
Шараға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ермахан Абдраманов қатысып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында барлығы 1250 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
мас күйінде көлік басқару – 12;
қарсы бағытқа шығу – 9;
жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеу – 250;
бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту – 34;
қауіпсіздік белдігін тақпау – 331;
көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану – 141 дерек.
Сонымен қатар:
міндетті сақтандыру туралы заңнаманы бұзу – 41 (оның ішінде такси – 18);
қоғамдық орындарда тиісу – 217;
заңсыз жолаушы тасымалдау – 8 (барлығы такси);
жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу – 106;
тіркелмеген немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ көлік құралын басқару – 33;
жалған немесе көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын басқару – 5;
көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау – 26;
медициналық қарап-тексеруден өтпеу – 3;
міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын пайдалану – 63;
маневр жасау қағидаларын бұзу – 54;
жаяу жүргіншіге жол бермеу – 44;
авариялық жағдай туғызу – 14;
көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушінің басқаруы – 49 (оның ішінде мопед – 4);
көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің қайта көлік басқаруы – 7;
техникалық ақауы бар көлік құралын пайдалануға шығару – 9;
көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған тұлғаны көлік жүргізуге жіберу – 2 дерек.
Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ермахан Абдраманов өз сөзінде:
«Жол қауіпсіздігін тек әкімшілік жауапкершілікке тарту арқылы қамтамасыз ету мүмкін емес. Басты мақсатымыз – азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», – деді.
Қызылорда облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын бұлжытпай орындауға, өзара сыйластық танытуға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.





