Қазақстанда тұрғын үй бағасы 25 пайызға қымбаттады

498

0

Қазақстанда бір жылда үй бағасы шамамен 25 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,4%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6% өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8% артты», деп атап өтті бюро өкілдері.

Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Нұр-Сұлтанда – 27,6%, Өскеменде 26,1% қымбаттаған. Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында баға өсімі бойынша көшбасшылар – Қызылорда (44%), Өскемен (43,7%), Талдықорған (43,4%) және Нұр-Сұлтан қалалары (41,3%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Алматы қаласы (47,2%).

«Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары – 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4% жоғарылады», делінген бюро хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<