Қазақстанда жұмыртқа бағасы қымбаттады

405

0

Фото: ҚазАқпарат

Ұлттық статистика бюросы 10-17 қазан аралығындағы апта ішінде республикада І санаттағы жұмыртқаның бағасы орташа есеппен 1,4 %-ға қымбаттағанын мәлімдеді.

Мұндай көрсеткіш 2022 жылдың қараша айының басынан бері – бір жылға жуық уақыт бойы байқалмаған, деп хабарлайды Kazinform DATA HUB Telegram арнасына сілтеме жасап.

Жалпы нәтиже негізінен Атыраудағы күрт өзгеріске байланысты орын алған, онда апта ішінде бұл тауар бірден 8,2% қосқан. Содан соң 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында +6,8% тіркелген.

Атырауда жұмыртқаның бағасы өндірістің азаюы аясында өсіп жатыр. Өңірдегі көлем өткен жылдың барлық үш тоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда тұрақты түрде төмендеп, 9 айдың қорытындысы бойынша 73%-ға қысқарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<