Қазақстандық курсанттар әскери дрондарды анықтайтын құрылғы ойлап тапты

609

0

Қазақстандық курсанттар әскери дрондарды анықтайтын құрылғы ойлап тапты. Қорғаныс министрлігінің «Online-брифинг» апталық бағдарламасына сұхбат берген Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының бірінші орынбасары Мұрат Олжабаев осы құрылғыларды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу орнында әскери бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Міне, соның бірі – ұшқышсыз ұшатын аппараттарды жою үшін қолданылатын құрал. Бұл – коммерциялық диапазондағы ұшқыштың көмегінсіз ұшатын аппараттарды қондырып, оның басқару пунктін, операторын анықтауға мүмкіндік беретін құрал. Оны өзіміздің курсанттар ойлап шығарып, көптеген оқу-жаттығулар барысында қолданып, оң баға алды. Бұған «Найзағай» деген атау берілді», – деп курсанттардың жетістіктерімен бөлісті Мұрат Олжабаев.

Мұнымен қоса, әскери оқу орнындағы өнертапқыштар голограммалық құрылғы ойлап тапқан. Ол дәріс барысында өтетін қару түрлерін 3D өлшемде көрсетеді, яғни құрылғының көмегімен қарудың жұмыс приципін, құрылымын, сондай-ақ оқтың немесе зымыранның траекториясын бақылауға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<