Қостанай облысынан Қызылордаға 1 719 тонна ұн жеткізіледі

308

0

Фото: "Байқоңыр" ӘКК

Өңірімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» мен қостанайлық «Қазақ ұны» ЖШС арасында 1 719 тонна бірінші сұрыпты ұн сатып алу жөнінде келісімшарт жасалынды.

Келісімшарт негізінде бүгінде астықты өлкеден 1 257 тонна ұн тұрақтандыру қорына жеткізілсе, қалған бөлігі қажеттілікке сәйкес әкелінеді.

Бүгінде өңірімізде ұнды тұтынуда тапшылық байқалып отырған жоқ. Бағаның өсіміне жол берілмеген. Енді тұрақтандыру қорына жеткізілген бұл бірінші сұрыпты ұндар өңірді әлеуметтік нанмен қам­тамасыз ету мақсатында қаламыздағы наубайханаларға төменгі бағада босатылып, нәтижесінде бір бөлке нанның сатылу бағасы әлеуметтік дүкендерде 65 теңгеден болса, ал ірі сауда үйлерінде 85-90теңгеден сатылуда, – деді «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асхат Жорабекұлы.

Айта кетейік, корпорация қостанайлық «Қазақ ұны» ЖШС-мен өткен жылы да жоғары және бірінші сұрыпты ұн сатып алу жөнінде келісімшарт жасасқан. Келісімшарт негізінде 4095,60 тонна ұн жеткізіліп, оның 1 332,9 тоннасы бүгінде тұрақтандыру қорында сақтаулы. Бұл ұндар бүгінде қаламыздағы 35 әлеуметтік дүкен мен 10 ірі сауда үйіндегі әлеуметтік бұрыштарда бекітілген бағамен сатылуда.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<