Қостанай тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетті

401

0

Өздеріңізге белгілі Қостанай өңірінде өрттен зардап шеккен тұрғындарға жәрдемдесу бойынша «AMANAT» партиясының Шиелі аудандық филиалы жанынан гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылған болатын.

Осы орайда «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты Бастауыш партия ұйымдары, аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, депутат партия ардагерлері, Шиелі аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінің жастары қайырымдық шарасының қасынан табыла білді. Олар Қостанай өңіріндегі апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетті.

Атап айтқанда, партия мүшелері 1150 кг күріш, 350 литр күнбағыс майы, жалпы 1,5 тонна зат Қызылорда қаласына жіберілді.

Барша атсалысқан жандарға шын жүректен алғысымызды айтамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<