Құс етін өндіру және өңдеу бойынша ірі зауыттың бірі жұмысын бастады

626

0

«Прима Құс» ЖШС құс етін өндіру және өңдеу бойынша тұйық циклді құс кешені жұмыртқаның бірінші партиясын салды. Зауыт дайын өнімді 2023 жылдың бірінші тоқсанында күтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасындағы ең ірі құс шаруашылығы кешендері бірінің құрылысы 2021 жылдың мамыр айында Алматы облысының Ұйғыр ауданында басталған болатын. Инвестиция сомасы – 33,5 млрд теңге, 400-ге жуық жұмыс орны құрылды. Экспортқа бағдарланған кәсіпорынның ашылуына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «KazakhExport» ұлттық экспорттық компаниясы қолдау көрсетті.

«KazakhExport»-тың «Қарыздарды сақтандыру» құралы бойынша қолдау көрсету сомасы 27,1 млрд теңгені құрады. Ынтымақтастық шеңберінде ішкі нарыққа сұранысты қамтамасыз ету және құс етінің өнімдері, жартылай дайын өнімдер, қосалқы өнімдердің Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай нарықтарына экспорттау жоспарлануда», – деді «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Мұқажанов.

Жоба үш кезеңмен іске асырылатынын атап өтейік. I кезеңде құрама жем зауыты, 24 құс үйі, инкубатор, тазарту қондырғылары, құс сою, шұжық цехы салынды. Қазіргі уақытта инкубатор мен бройлерді бордақылау алаңдары толығымен жұмыс істеуге дайын.

«Бүгінгі таңда «KazakhExport» және RBK банкінің қолдауының арқасында бірлескен күш-жігерімізбен құны 33,5 млрд.теңге болатын құс кешені құрылысының бірінші кезегі салынып, пайдалануға берілді. Екінші кезекті іске асыруға 2023 жылғы ақпанда кірісеміз, жалпы жоба жалпы сомасы 97,6 млрд. теңгеге құрылыстың үш кезегін көздейді», – деді «Прима Құс» ЖШС акционері Александр Гарбер.

Инкубатор ғимараты Нидерландыдан әкелінген, жылына 20 млн. дана жұмыртқаны инкубациялауға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Зауыт Росс-308 ет кросы гибридінің инкубациялық жұмыртқасының бірінші партиясын сатып алды. Жұмыртқаның бірінші партиясы 09.12.2022 ж. салынды – тауықтар 03.01.2023 ж. шығарылатын болады, олар өсіруге арналған құс үйлеріне жіберіледі, алғашқы өнім дүкен сөрелерінде 2023 жылдың ақпан айының басында пайда болады.

Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахуновтың айтуынша, жоба өңір үшін жоғары әлеуметтік маңызға ие. Жаңа жұмыс орындарын ашады және жергілікті фермерлердің дамуына серпін береді, себебі кәсіпорын облыстағы бидай мен жүгеріні ірі тұтынушылардың бірі болады. 

Анықтама:

«KazakhExport» ЭСК» АҚ – шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету және қазақстандық экспорттаушыларға қаржы-сақтандыру құралдары арқылы қолдау көрсету.

«Прима Құс» ЖШС – бройлер етін өндіру және өңдеу бойынша тұйық циклді құс кешені. Өндірістік қуаты: жылына 17 500 тонна құс еті және айына 400 тоннаға дейін шұжық өнімдері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<