Құрылтай

Қызылорда облысында 9 жаңа учаске жұмыс жасайды

4

0

Құрылтай сайлауында Қызылорда өңірінде жаңадан 9 учаске жұмысын бастайды. Оның 7-і Қызылорда қаласында, 1-і Қазалы ауданында, 1-і Шиелі ауданында ашылады.

Аймақ бойынша барлығы 386 учаске құрылады. Мұнда 2720 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі қызмет атқарады.

Құрылтай сайлауын ұйымдастырудың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2 тамыздан бастап учаскелер өз жұмысын бастайды.

Аймақта 500 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы. Қазіргі таңда сайлаушылар тізімі өзектендірілуде. 7 тамыздан бастап азаматтар өз учаскесінен есептен шығару куәліктерін ала алады. Есептен шығару куәлігі сайлаушыға бір рет ғана беріледі.