Қызылорда полицейлер тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырады

1791

0

Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысының полицейлері қолайсыз ауа райында тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарлы боран салдарынан Қызылорда облысының Арал ауданынан 20 шақырым қашықтықтан Ақтөбе бағытына қарай республикалық маңызы бар автожолдар жабық. Бүгінгі күні Ақтөбе облысына бағыт алған 807 автокөлік (584 жүк көлігі, 17 жолаушылар көлігі, 210 жеңіл көлік) және 1200-ге жуық жолаушы жақын маңдағы жылыту пункттеріне жеткізілді.

Қазіргі таңда жолдың жабық болуына байланысты арнайы штаб құрылған. Жергілікті ерікті жастар, мекемелер және кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен жолаушыларға тегін ыстық тамақ таратылуда.

Сонымен қатар баласы бар 49 әйел және 16 ер адам колледж жатақханасына орналастырылды. Полиция қызметкерлері автожолдарда тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастырып жатыр.

Полиция құтқарушылармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көмек беру жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Қызылорда облысының полиция департаменті тұрғындарды қолайсыз ауа райы жағдайын ескеріп, алыс жолға шықпауды сұрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<