Қызылорда-Ұлытау тасжолының құрылысы неге созылып кетті: көлік министрінің жауабы

1666

0

фото: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда-Ұлытау тасжолының құрылысы неге созылып кеткенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Минстрдің сөзінше, отандық компаниялардың жол құрылысы жұмыстары конкурсына қатыса алуы үшін жобаны қаржыландырушы Азия Даму банкімен келіссөздер жүргізілген.

«Қызылорда жағында жұмыс жақсы келе жатыр. Ұлытау жағында биыл жобаның құрылысы басталады. Неге енді ғана басталады? Сол мәселеге тоқталсақ, жолдың қашықтығы – 200 километр. Жобаны Азиялық Даму банкі қаржыландырады.

Отандық компаниялар жол құрылысын жүргізу конкурсына қатысуы үшін Азиялық даму банкімен бірнеше келісім жүргіздік. 200 км жолды бірнеше учаскіге бөлуді қарастырдық. Өйткені 200 км жолды бір компания жасасын дейін десек, біздің компаниялардың қаржылық мүмкіндігі жоқ, сәйкесінше тендерге қатыса алмайды. Осы себепті біз бірнеше учаскеге бөлдік. Осы келіссөздер біздің тарапымыздан, банк тарапынан уақыт талап етті. Барлық процедураларды жүргіздік, конкурсты өткіздік. Енді жеңімпаз анықталды. Осы себепті құрылыс бастау мерзімі созылып кетті», – деді Марат Қарабаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<