Қызылордада әлеуметтік эксперимент жүргізілді

214

0

Фото: Полиция департаменті

Әлеуметтік эксперимент тұрғындардың күмәнді «пакеттерді» жеткізуді сұраған кезде, сақтық пен қырағы болатынын анықтауға көмектесті.

Ұйымдастырушылар қала көшесіне шығып, қатарынан бір жас жігітті қойып, ол өтіп бара жатқан адамдарға қаланың «Шанхай» деп аталатын аймағына 10 000 теңгеге шағын сәлемдемені апарып беруді ұсынды.

Әлеуметтік эксперименттің түсірілімі кезінде жасырын камерамен видео түсірілді. Анықталғандай, тұрғындардың басым бөлігі сақтық пен қырағылық танытқан, дегенмен арасында тез ақша тапқызы келетіндер де табылғанымен, соңында еліктіргіш ұсыныстан бас тартқан.

Әр тәжірибенің соңында полиция қызметкері келіп, оның қаншалықты қауіпті екенін және асығыс әрекеттер қандай жауапкершілікке апарып соқтыру мүмкіндігі бар екенін түсіндірді.

Қызылордада әлеуметтік эксперимент жүргізілді

Эксперимент ұйымдастырушысы Qosyl Qyzylorda Jastar Ortalygy, Қызылорда облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып шараны іске асырды.

Нәтижесінде бейнеролик дайындалып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы бөлісу туралы өтінішпен таратылды. Бейнероликке қосымша үндеу әзірленді, онда: кез келген күдікті немесе белгісіз сәлемдемелер мен заттарды, тіпті қомақты ақшалай сыйақы үшін де, алуға және тасымалдауға болмайтындығын және ол қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкіндігі жайлы ақпарат берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<